Тәулік бойы жұмыс істейтін су бекеттері қойылды
Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағындағы жағдайға қатысты тәулік бойы жұмыс істейтін 12 су бекеті қойылды. Ақсай бөгетінде қорғаныш үйіндісі ұлғайтылып, инертті материалдармен нығайту жұмысы жалғасып жатыр. Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы жағдай да қадағалауда. Премьер-министр Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі мен вице-министрінің есебін тыңдады. Сонымен бірге бірқатар өңір әкімі де аймақтардағы ахуалды баяндады. «Қазселденқорғау» бекеттері тұрақты бақылауда. Қазір су деңгейі қалыпты. Маңғыстау облысында да қажетті күштер жедел әрекет етуге дайын. Премьер-министр Алматы, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласы әкімдеріне жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. «Қазгидромет» алдағы күндері елдің барлық аумағында жауын-шашын мол түседі деп болжап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы