Басты Жаңалықтар Президент мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді

Президент мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Президентке жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру барысы мен азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары таныстырылды. Аида Балаева заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту, цифрлық кеңістікті ілгерілету, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ мәдени инфрақұрылымды дамыту, білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын қолдау мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Аида Балаеваға мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.


Бөлісу