ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ойсырата жеңді
Футболдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Испания Аустрияны ойсырата жеңді. Лос-Анджелестегі SoFi Stadium стадионында өткен ойында испаниялықтардың сапынан Микель Оярсабаль 36 және 89-минуттарда гол соқты. Одан кейін 66-минутта Педро Порро есепті еселей түсті. Осылайша, Испания құрамасы 3:0 есебімен Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.
ӘЧ-2026: Португалия 1/8 финалға өтті
Канадада Португалия мен Хорватия арасында ойын өтті. Матчта 2:1 есебімен португалдықтар басым түсті. Ойынның алғашқы 45 минутында екі команда да сақтық танытып, қақпаларын аман сақтап қалды. Бірақ екінші тайм басталысымен Хорватия ойыншыларды алмастырып, 46-минутта Игор Матановичті алаңға шығарды. Бұл тактика көп ұзамай нәтиже берді. 53-минутта Иван Перишич есеп ашып, Хорватияны алға шығарды. 61-минутта Криштиану Роналду соққан гол бейнебақылау жүйесінің көмегімен офсайд деп танылып, есептелмей қалды. Алайда 68-минутта Португалия құрамасы пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Нүктеге келген Криштиану Роналду мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. 81-минутта хорватиялықтардың голы тағы да офсайдқа байланысты есептелмеді. Осылайша, төреші қосқан қосымша уақытта португалдықтар жеңісті жұлып әкетті. Енді 1/8 финалда футбол әлемінің басты текетірестерінің бірі – Португалия мен Испания матчы өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы