Халықтық Конституция әр азаматтың мүддесіне қызмет етеді
Халықтық Конституция – қоғам мен билік арасындағы келісім, тұрақтылық пен бейбітшіліктің басты кепілі. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды. Ел тұрғындары Ата заңда айқындалған қағидаттар мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті нығайта түсеріне сенеді.
- Құрылтайға сайлау жүйесі бұрынғы 30 процент можариталды, 70 процент пропарциональды болатын болса, енді қазірден бастап жүз пайыз пропарциональды, яғни, партиялық сайлау жүйесі бойынша жүзеге асады. Олай болатын болса, бұл саяси партиялардың белсенділігін, халықпен қарым-қатынасын одан әрі жандандыратыны сөзсіз.- Халықтық Конституцияның ең бір ерекшелігі – біз атап өтетін, бұл – жасанды интеллект және цифрлық дәуірдегі Қазақстан. Даму бағыттары нақты көрсетілген. Жасанды интеллект бағытындағы университет ашылды. Министрлік құрылды. «Digital Kazakhstan» концепциясы құрылды. Жасанды интеллектіні дамыту бойынша осы конституцияның негізінде менің ойымша болашақта өте үлкен өзгерістер мемлекет тарапынан болады деп сенеміз.- Ата Заң аясында болып жатқан үлкен өзгерістердің мақсаты – басым көпшілігі бірінші кезекте әрбір азаматтың әл-ауқатын көтеру. Соның ішінде білім саласына ерекше назар аударылады. Сол міндеттемелерді, парызды, барлығын өзіміздің Ата заңымызда бекіткен болатын. Сол себепті Ата заңымыз білім саласының дамуына алдағы уақытта үлкен кепілдік бола алады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06