Қостанай облысында полицей алаяқтан құтқарып қалды
Қостанай облысында полиция қызметкерлері 54 жастағы әйелді алаяқтардың арбауынан құтқарып қалды.
Айласын асырмақ болған олар алдымен өздерін жеткізу қызметіненбіз деп таныстырып, телефонға келген растау кодын айтқызған. Кейін тіпті құқық қорғау қызметкері кейпінде бейнеқоңырау шалған. Осылайша түрлі сылтаумен бірнеше күн бойы алдап, несие алдыртып, пәтерін сатуға көндіреді. Рудный қаласының тұрғыны құны 7 миллион теңге болатын баспанасын сатуға келіскен. Алайда полиция дер кезінде араласып, келісімнің күшін жойды.
Мадияр Рашит, облыстық ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:
Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ақшалардың барлығы шет мемлекет шоттарына кеткені анықталды. Биыл жыл басынан бері мұндай 15 дерек тіркелген, пәтерін, мүлкін сатқан. Ешкімге телефонға келіп түскен смс кодтарды айтпау керек. Полиция қызметкері ешқашан қашықтықта немесе телефонмен, бейнежазбамен қылмыстық істерді тіркемейді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
09.09.2026, 17:38
Сыр бойындағы көне шаһарлардың «Алтын ордамен» байланысы зерттелуде
09.09.2026, 17:37
Зайсан көлінің жағасына балық зауытын сала бастады
09.09.2026, 17:35
Атырауда мал азығын дайындау науқаны аяқталып қалды
09.09.2026, 17:33
13,5 млн тонна астық жиналды
09.09.2026, 17:30
Жамбыл облысында бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
09.09.2026, 17:25
СҚО-да жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
09.09.2026, 17:22
Бангладешті қызылша жайлады
09.09.2026, 17:20