Басты Жаңалықтар Елімізді газдандыруды 80 пайызға жеткізу көзделген

Елімізді газдандыруды 80 пайызға жеткізу көзделген

Энергетика министрлігі газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізуге бағытталған кешенді жол картасын әзірлеуге кірісті. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмасына сәйкес қолға алынды. Бүгінде елімізді табиғи отынмен қамту 2035 жылға дейінгі бас жоспар аясында жүзеге асырылып келеді.  Былтыр газбен жабдықтау бойынша 84 жоба іске асырылды. Бір жылдың ішінде шамамен 2 мың шақырым газ тарату желісі салынды. Осы жұмыстардың нәтижесінде табиғи газға қол жеткізген халық саны 13,1 миллион адамға жетіп, еліміздегі 20,5 миллион тұрғынның басым бөлігін қамтып отыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту аясында жүзеге асырылатын жобалардың нәтижесінде тағы 36 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.


Бөлісу