Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды. Бұл – жаңа Конституцияның қалай дайындалып, қандай шешімдер қабылданғанын дәлелдейтін тарихи мұра. Олардың қатарында комиссия отырыстарының хаттамалары, фото және бейнежазбалар, сондай-ақ конституциялық өзгерістерді талқылау кезінде азаматтардан түскен 12 мың ұсыныс пен өтініш бар. Мамандардың айтуынша, бұл құжаттар ертеңгі күні тарихшыларға ғана емес, қоғам үшін де маңызды дереккөз. Себебі олар елдің саяси жүйесін өзгерткен реформалардың қалай әзірленіп, қандай қоғамдық пікір ескерілгенін нақты құжаттан көре алады.
Гүлзира Қарсақбаева, Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, құжаттама және
кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары:
Конституциялық реформаның жұмыс тобының жинағы ҚР Президенті архивіне ресми табысталды. Бұл жинақ 110 данада басылып шықты. Республикалық барлық облыстық, жергілікті кітапханаларға табысталды. Сонымен қатар, Ұлттық кітапханаларға таратылды.
Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры:
Еліміздің тағдырын айқындаған шешімдердің қалай қабылданғанын, конституциялық реформалардың қалай әзірленіп, жүзеге асырылғанын түпнұсқа архивтік құжаттар арқылы болашақ ұрпақ ертеңгі күні жан-жақты зерделей алады. Бұл архивтік құжаттардың құндылығы ерекше.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17