Оралда 25 тұрғын уақытша баспаналы болды
Оралда қалалық прокуратураның көмегімен 25 тұрғын уақытша баспаналы болды.
Бес жыл бұрын Чапаев, Жүнісов көшелеріндегі апатты үйлер бұзылып, «Тұрғын үй қорын реновациялау» бағдарламасы аясында орнына жаңасы
салынатын болған. Алайда кәсіпкер уәдесін орындамай, тұрғындар далада қалды.
Бастапқыда құрылыс кәсіпорнының өкілі тұрғындарды уақытша баспанамен қамтып,
пәтерақысын төлеп тұрған. Кейін ол міндетін де орындамаған.
Гүлжанат Сисенова, қала тұрғыны:
Е-өтінішпен де бірнеше жерге жаздық. Әкімдікке де, ЖКХ-ға да, сотқа да. Солардың ішінде бізге көмектескені тек қана осы Орал қалалық прокуратурасы. Осы кісілер бізге көмектесіп, біздің жанайқайымызды түсініп, осы кісілерге көп-көп рахметімізді айтамыз. Уақытша үй беріп жатыр.
Тұрғындардың құжаттарын зерделеген кезде кейбірі ескі тұрғын үй жерін де
құрылысшыға сый етіп, кейбірі сатып жібергені анықталған. Бірақ жәбірленушілер
сату-сатып алу келісімшартына қол қойғанын байқамаған. Ақшасы да түспеген. Енді
бұл заңсыздықтар жаңа үй алу кезінде жойылып, түзетілмек.
Ердәулет Қуаныш, қалалық
прокуратура бөлімінің аға прокуроры:
Қала прокуратурасының талдауы нәтижесінде Орал қаласы әкімдігіне қадағалау актісі енгізілді. 7 отбасы уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қала әкімдігі жаңа бағдарлама аясында жаңа құрылысшы іздеп жатыр. Бұл мәселе қала прокуратурасының қатаң бақылауында болады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі ашылды
03.07.2026, 13:23
Елімізді газдандыруды 80 пайызға жеткізу көзделген
03.07.2026, 13:20
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
03.07.2026, 13:17
Халықтық Конституция – өрлеудің жаңа кезеңі
03.07.2026, 13:15
Хаменеиді жерлеу рәсімі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
03.07.2026, 13:12
Ресейде электромобильдерге сұраныс артып келеді
03.07.2026, 13:09
Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған блогерлер ұсталды
03.07.2026, 13:06
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 7 ауқымды жоба жүзеге асады
03.07.2026, 13:00