Павлодар облысында жазғы маусым басталғалы бері 6 адам суға батып кетті
Жазғы маусым басталғалы Павлодар облысында 6 адам суға батып кетті. Екеуі бала. Бір айға жуық уақыт аймақта ауа температурасы 30 градустан төмендеген жоқ. Салқындау үшін тұрғындар Ертіс жағасына ағылды. Сондықтан облыс әкімінің пәрменімен прокуратура, полиция және төтенше жағдайлар қызметі күндіз ғана емес, түнгі уақыттың өзінде бірлескен рейдтер өткізеді. Нәтижесінде 19 адам құтқарылды. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала. Биылдан бастап суда шомылу тәртібін бұзғандарға қолданылатын айыптау шарасы қатаңдатылды. Мәселен, мас күйінде қайықпен жүрген екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 50 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00