Басты Жаңалықтар Қазақ Ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды

Қазақ Ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды

Елде Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды. Астанада орналасқан оқу орнында спорт алаңдарымен қатар, инновациялық ғылыми зертханалар мен білім беру хабтары бар. 5 жыл бойы жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде соңғы үлгідегі кабинеттер саны арта түсті. Бүгінде университетте халықаралық деңгейде ел намысын қорғай алатын жаттықтырушылар, ғалымдар, спорт дәрігерлері, педагогтер мен спорт менеджерлері білім алады.

Серік Жарасбаев, Туризм және спорт вице-министрі:
Қазақ спортына өз үлесін қосады деп сенеміз. Бұл университет қазіргі уақытта көптеген бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатыр. 5 жыл бойы жұмыс істеп жатыр. Енді жаңа ғимаратқа келіп, студенттерге заман талабына сай, халықаралық стандарттарға сай барлық кампустары бар халықаралық спорттық нысандар бар бұл жерде. Сондықтан осындай студенттерге мүмкіндік болып жатыр. Мұны үлкен тарихи оқиға деп айтуға болады.
Тұрсынзада Қуанғалиева, Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры:
Қазіргі таңда 13-тен астам білім беру бағдарламасы бар. Оны айта өтетін болсақ, біз Орталық Азиядағы тұңғыш рет Е спорт, жаңағы кибер спорт білім беру бағдарламасы, ұлттық спорт түрлері бойынша педогог-тренерлер сол бойынша тұңғыш рет білім беру бағдарламаларын дайындап, жүзеге асырып жатырмыз.


Бөлісу