Ел жаңалықтарына шолу
Астанаға келетін турист көбейді
Астанаға келетін турист саны 352 мыңға жетті. Оның 68 мыңы – шетелдік. Бұл былтырғы жылдың дәл осындай кезеңінен 12 процент артық. Әкімдіктің мәліметінше, елорда қонақтарының көбі Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ азаматтары. Өзге елден келетін саяхатшылар да артып жатыр. Бұған халықаралық форумдар, мәдени іс-шаралар мен концерттердің көбеюі ықпал етті. Былтыр Астанаға 1,5 миллион турист келді.
LRT енді «Tarlan Astana» деп аталады
Бүгіннен бастап LRT енді «Тарлан Астана» деп аталады. Бұл қала тұрғындары мен қоғамдық ұйымдардың ұсынысы болған. Халықтан келген хаттардың ішінде «Лашын», «Құлан», «Аспан», «Сұңқар» деген нұсқалар да болған. Бірақ комиссия мүшелері бірауыздан «Тарлан» атауын таңдады. Өйткені, бұл сөз «еркіндік», «жылдамдық», «қуат», «сапа» секілді бірден бірнеше ұғымды қамтиды. Әрі айтылуы да жеңіл.
Халықтық Конституция күшіне енген күні 857 нәресте дүниеге келді
1-шілде, жаңа Конституция күшіне енген күні елде 857 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық
сақтау министлігі айтты. Ел шежіресінде алтын әріппен жазылған айтулы датада
435 ұл, 422 қыз дүние есігін ашты. Сондай-ақ Атырау мен Алматы облысытарында екі егіз туды.
Жетісу облысында жағажай салынады
Балқашта сервис жақсарады. Көлдің іргесінде жаңадан 3
бірдей жағажай салынады. Оның алғашқысы
айдың соңында ел игілігіне берілмек. 6 гектар аумақта коммерциялық нысандар,
санитарлық тораптар, автотұрақтардан бөлек, ана мен бала бөлмелері
қарастырылған. Жағажайға бір мезетте 3 мың
адам кіре алады. Одан бөлек, аумағы 14 гектар болатын «Балдәурен» жағажайының
да құрылысы басталғалы тұр. Оның аумағы 14 гектар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы