Ақтөбедегі көкөністерден пестицид пен нейтраттардың көптігі анықталған
Ақтөбеде санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары бау-бақша өнімдерін зертханада тексеріп жатыр. Оған себеп: соңғы бір жыл ішінде алынған 15 сынаманың жетеуінде пестицидтер мен нейтраттардың мөлшері шамадан тыс көп екені анықталған. Қазір оңтүстік өңірлерден қауын-қарбыз көптеп келіп жатыр. Тұрғындар олардың сапасы мен құрамына күмәнмен қарай бастаған. Дегенмен жаз басталғалы уланып, ауруханаға түскендер жоқ. Санитар мамандар базарлар мен көшелерде сатылып жатқан бақша өнімдерін зертханаға әкеліп, қауіпсіздігін тексеруде. Сынама электронды детектор арқылы жүргізіліп, газды хромотографта талданады. Бұл сезімталдығы жоғары құрылғы. Өнім құрамындағы пестицидтердің мөлшерін дәл анықтап береді. Тұрғындардың өздері де күмәнді өнімдерді зертханаға әкеліп, тексертуіне болады.
Өздерінің қалтасынан акредиттелген лабараторияларға тексеруге болады, нейтраттар, пестицидтер бар ма, жоқ па, қарбыздарға, жеміс-жидектерге. Айта кететініміз – нейтраттар мен пестицидтермен уланған жағдайда оның белгілері құсу, жүрек айнуы, жүрегінің жиі соғуы, эпигастро аймағының ауырсынуы деген сияқты болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы