Есірткіге қатысты 2 мың қылмыстық іс анықталды
Елде жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 2 мыңдай қылмыстық іс анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері арнайы өткізген брифингте айтты. 6 ұйымдасқан қылмыстық топ, 29 ұйым әшкереленген. Бұдан бөлек, «Киберқадағалау» жүйесі арқылы 15 мыңнан астам заңсыз бейнежазба өшірілді. 177 мың шетелдік төлем картасы бұғатталды. 580 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Оларды өндірген 15 есірткі зертханасының шамамен 70%-ы шалғайдағы ауылдарда орналасқан. Осыған байланысты өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді.
Қуандық Әлжанов, ІІМ
есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
Республика бойынша есірткіге қарсы айлық аясында әртүрлі форматта 290-нан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Айлықтың басты назары ақпараттық-ағарту, жұмыстарына, жастар арасында профилактикаға және халық үшін ашық кеңес беру іс-шараларын ұйымдастыруға ауыстырылды.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04