Кассациялық соттың құрылғанына 1 жыл
Бүгін елімізде кассациялық соттардың құрылғанына тура бір жыл. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша кепілі ретінде құрылған сот органдары бір жылда 900-ден астам қылмыстық істі қарап, 273 іс бойынша төменгі соттардың шешімдері дұрыс емес деп танылған. Жарты жылда 1000-нан астам адамның тағдырына қатысты шешім қабылдаған кассациялық соттардың жұмысы жайлы тілші тарқатады.
Былтыр Президенттың бастамасымен қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттар
құрылып, 1 шілдеден жұмысын бастаған еді. Бұл жаңашылдық қарапайым халықтың
құқықтарын қорғауға, бостандықтарын сақтауға септігін тигізіп, халықтың сотқа
деген сенімін нығайтуға бағытталды.
Ақан Жұмағұлов, Қылмыстық істер
жөніндегі кассациялық сот төрағасы:
Жалпы кассациялық соттардың құрылуы отандық сот жүйесінің дамуының ерекше бір қадамы болып табылады. Кассациялық соттардың ең негізгі мақсаты – заңдылықты қамтамасыз ету, біздегі қылмыстық заңнаманы қолдану және азаматтардың құқықтарын қорғауды одан әрі арттыру болып есептеледі. Қазіргі таңда қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың негізгі бағыты күрделі істер бойынша қылмыстық істерді қараудағы бірыңғай тәжірибені қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Кассациялық сот – заңды күшіне енген сот шешімдерінің заңға сәйкестігін
тексеретін жоғары сот сатысы. Ол қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер
бойынша бірінші және апелляциялық сатылар шығарған сот актілерін қайта қарайды.
Жыл басынан бері кассациялық соттар 1 249 адамға қатысты 924 қылмыстық істі
қараған. Оның ішінде 273 іс бойынша төменгі соттардың шешімдері дұрыс емес деп
танылып, өзгертілген.
Азамат Тілепов, Қылмыстық істер
жөніндегі кассациялық соттың судьясы:
Сондай-ақ 87 іс бойынша сот актілерінің күші толықтай жойылды. Соның ішінде 9 адамға қатысты айыптау үкімдері күшін жойып, қылмыстық қудалаудан босатылды.
Мамандардың айтуынша, көбіне сотталғандар мен олардың адвокаттары үкімнің
заңсыз немесе негізсіз шығарылғанын, сондай-ақ іс-әрекетке дұрыс құқықтық баға
берілмегенін айтып жүгінеді. Сонымен қатар прокуратура мен жәбірленушілер де
сотталғанның әрекеті дұрыс сараланбаған деп есептеп, өз құқықтарын қорғау үшін
кассациялық шағым береді екен.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ Ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды
02.07.2026, 17:35
Астанада алғаш рет TazaFest фестивалі өтті
02.07.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 17:30
Қызылорда жастары жаңа бастамаларды көтерді
02.07.2026, 17:27
БҚО Шыңғырлау ауданындағы теміржол вокзалы толық жөнделді
02.07.2026, 17:25
Ақтөбедегі көкөністерден пестицид пен нейтраттардың көптігі анықталған
02.07.2026, 17:22
Есірткіге қатысты 2 мың қылмыстық іс анықталды
02.07.2026, 17:20
Мумбайды топан су басты
02.07.2026, 17:17