Халықтық Конституция – құқықтық мемлекеттің жаңа бағдары
Халықтық Конституция азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, адам құқықтарын қорғауды күшейтеді. Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осындай пікір білдірді. Бас қосқандар Халықтық Ата Заңның қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлін жан-жақты саралады. «Әділетті Қазақстанды» қалыптастырудағы конституциялық құндылықтар, заң мен тәртіп қағидатын азаматтық қоғамға енгізу, экологиялық қауіпсіздік жағдайындағы мемлекеттің келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігі секілді өзекті тақырыптар қамтылды. Ұйымдастырушылар мұндай ғылыми алаңдар заң ғылымын дамытуға, құқықтық реформаларды ғылыми тұрғыдан зерделеуге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді, - деп отыр.
Уәлихан Ахатов, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор:
Халықтық Конституцияда көптеген новеллалар бар, жаңалықтар бар. Адвокат институтына Конституциялық мәртебе беруі. Бұл адвокат институты бұдан былай сот процесінде үлкен рөлге ие болады. Бұл адамдардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдігі бар институттардың бірі деп есептеймін.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00