Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы өтті
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысын өткізіп, кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды. Президенттің айтуынша, шетелдік инвесторлар кеңесі отыз жылға жуық уақыт бойы Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды. Инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылғанын және логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізілгенін айтты. Қазақстан инвестиция тарту бойынша қазіргі нәтижелері де жиын барысында баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады. Осы экономикалық табыстарға негізінен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жалпыұлттық тарихи референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдадық, бұл құжат қазірдің өзінде халықтық Конституция ретінде танылды. Негізгі заңның бүгінгі отырыс қарсаңында күшіне енуі символдық мәнге ие. Жаңартылған конституциялық нормалар инвесторлар құқығын барынша жоғары деңгейде қорғайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы