Басты Жаңалықтар Елімізде 21 мың азамат әскерге шақыртылды

Елімізде 21 мың азамат әскерге шақыртылды

Көктемгі науқан аясында әскерге 21 мыңнан астам азамат шақыртылды. Оның  ішінде 11 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарында, 7 мыңнан астамы Ұлттық ұланда, 2 мыңға жуығы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметін өтейді. Сондай-ақ 400-ге тарта азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді. Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде іске асырылды. Еске салсақ, әскери қызметін аяқтағаннан кейін жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранты негізінде түсе алады. Қалғандары ҰБТ тапсырмай-ақ ақылы бөлімге қабылданады.

Дәуренбек Шегебаев, ҚР Қарулы күштері бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері, полковник:

Қызмет өткеру кезінде сарбаздар тегін тамақтану, әскери киіммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде 144 айға кредиттік міндеттеме тоқталыды. Жоғары оқу орнына түсіру қамтамасыз етіледі.


Бөлісу