Құсмұрындағы теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қостанай облысындағы Құсмұрын ауылының теміржол вокзалы қайта жаңартылып, ел игілігіне берілді. 80 жыл бұрын салынған ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 960 миллион теңге бөлінген. Ғимараттың іші-сырты жаңарып, перроны кеңейтілді, жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Енді станция тіпті 20 вагондық жолаушылар пойызын еркін қабылдай алады. Жалпы елде биыл Президент тапсырмасымен 124 теміржол вокзалы жаңаруы тиіс. Өңірде бұл тізімге 6 нысан енген. Бүгінде Аманқарағай және Құсмұрын ауылдарында жұмыс толық аяқталды.
Марат Туғамбаев, «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі»
филиалының директоры:
Жаңадан еуростандартпен бәрі жасалды. Ішінде теміржол полициясының бөлімшесі, ана мен балаға арналған бөлмелер бар. Күніне 70-80 адамдай қабылдайды, 8 жұп жолаушылар пойызын қабылдайды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06