Ұлттық мұра заңмен қорғалады
Халықтық Конституцияда ғылым мен білім, мәдениетті дамытуға ерекше мән берілген. Сала мамандарының айтуынша, бұл – елдің зияткерлік әлеуетін арттырып, тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған маңызды қадам. Мұндай басымдық Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің дамуына тың серпін беріп, болашақ ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген жауапкершілігін күшейтеді.
Ғазиза Нұрғалиева, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:
Бұрын жалпылама болса, қазір әр салаға жеке-жеке тоқталған. Осы орайда мәдениетке, ғылымға, білімге жаңа Ата заңымызда арнайы баптардың болғаны қуанышымызды, сенімімізді еселей түсті. Ол-тарихи мұраны сақтау. Ол ұлттық салт-дәстүрімізді қорғау. Тарихи-мәднеи мұраны сақтау деген ол- жазба ескерткіш те кіреді оған, құжатт та кіреді. Ол мемлекеттің тарихы деген сөз.
Жақыпбек Алтаев, философия ғылымының докторы, профессор:
Конституцияда маған ұнаған жері ғылым саласына өте терең көңіл бөлінген. Себебі шынында да, тарихқа үңілетін болсақ, қай елдің тарихы, білімі мен ғылымы жоғары дәрежеде болса, сол елдің мүмкіндігі де, әлеуметтік жағдайы да жоғары деңгейде болады. Сондықтан мен ойлаймын, білім мен ғылымыға жасалаған ең үлкен қамқорлық, үлкен бағыт. Сөз жоқ, Қазақстанның болашақтағы ғылым саласындағы, өнер мәднеиет саласындағы алдыңғы қатардағы мемлекет болатына толық сенім бар.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00