Басты Жаңалықтар Үкімет халықаралық инвесторлармен жаңа жобаларды пысықтады

Үкімет халықаралық инвесторлармен жаңа жобаларды пысықтады

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларден және Marubeni Corporation басқарушы директоры Сатору Ичинокавамен кездесті. Келіссөздерде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, инфрақұрылым, энергетика, цифрландыру және өнеркәсіп салаларындағы жаңа жобалар талқыланды. Еуропалық қайта құру және даму банкініҢ биыл Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетіп, жыл соңына дейін 1,3 миллиард еуродан асуы мүмкін екенін мәлімдеді. Кездесулер қорытындысында тараптар қолданыстағы жобаларды жалғастырып, Қазақстанның басым салаларында жаңа инвестициялық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін растады.


Бөлісу