Астанада шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы өтіп жатыр
Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы басталып жатыр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Шетелдік инвесторлар кеңесі – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оның басты міндеті елдегі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, ахуалды жақсартып және нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. Демек, бүгін осы және өзге де мәселелер талқыланады. Көптеген елден ірі инвесторлар келді. Олар ұтымды ұсыныс пен келелі кеңес түзбек. Жалпы біріккен ұлттар ұйымы былтыр сараптама ұсынды. Онда Орталық Азия және Солтүстік Кавказ елдеріне тартылған жалпы инвестицияның 70 пайыздан астамы Қазақстанның еншісінде екені көрсетілген. Демек, бүгінгідей жиындардың нәтижесі мол деуге болар. Осы кеңестің және жалпы мемлекеттің саясаты иевесторларларға қолайлы климат қалыптастыру. Сол үшін де еліміздегі инвестициялық штабқа премьер-министрдің өзі жетекшілік етеді. Сол Штабтың отырыстарында жалпы көлемі 100 млрд доллардан асатын инвестициялық жобалардың нақты проблемалық шешімдері табылды және оның орындалуына және тез арада жүзеге асуына ықпалын тигізді. Бүгінгі жиын енді басталып жатыр. Инвестор бар жерде елге олжа бар.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05