Басты Жаңалықтар Электрсамокатты пайдалану ережесі өзгерді

Электрсамокатты пайдалану ережесі өзгерді

Бүгіннен бастап жалға берілетін электросамокаттарды пайдалану ережесі өзгерді. Енді әрбір жалға берілетін электросамокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Бұл жол ережесін бұзғандарды бейнебақылау камералары арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ пайдаланушылар үшін сақтандыру полисі міндеттелді. Кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық жағдайын, жылдамдығы мен қозғалысын бақылап, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың жолдың жүру бөлігіне шығуына жол бермеуі тиіс. Электросамокаттар алдымен велосипед жолымен жүреді, ал ондай жол болмаған жағдайда тротуармен сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат. Алайда, 25 тамыздан бастап тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ жолаушы немесе жүк тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өтуге және қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз жүруге болмайды.



Бөлісу