Халықтық Конституция Брайль қарпімен жарыққа шықты
Халықтық Конституция Брайль қарпімен жарық көрді. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада арнайы басылымның таныстырылымы өтті. Бұл бастама зағип және көзі нашар көретін азаматтардың Ата Заңмен еркін танысуына мүмкіндік береді. Мамандардың сөзінше, бұл жоба инклюзивті қоғам қағидаттарын нығайтып, азаматтардың конституциялық құқығын толыққанды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Алдағы уақытта Брайль қарпімен басылған Конституция республикалық және облыстық кітапханаларға, сондай-ақ зағип жандарға қызмет көрсететін мекемелерге кезең-кезеңімен таратылмақ.
Роллан Құспан, Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары:
Ендігі кезекте аталған кітаптарды шығарып, оны 3 мың данамен шығарып, республикалық бір кітапханамыз болса, облыстық 7 кітапханамыз бар, басқа да филиалдарымыз бар, сол кітапхананың барлығына осы кітаптарымызды таратамыз. Онымен қоса колледждерге, ЖОО-на осы бағытта Брайль қарпі арқылы білім алып жатқан азаматтарға да осы кітаптарды тарататын боламыз.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
11.09.2026, 13:27
Е. Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 13:24
Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
11.09.2026, 13:18
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03