Конституцияда ғылым мен білімге ерекше көңіл бөлінген
Цифрлық дәуірде іргелі елдердің алдыңғы қатарында болу үшін ғылымы дамыған, ғалымы танылған білімді ұрпақ керек. Сондықтан да білім мен ғылым, инновация Конституцияның Преамбуласына шығарылды. Мемлекеттің негізгі даму бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Конституцияның 33-бабы әр азаматтың білім алуға құқығы бар екеніне кепілдік береді. Елімізде мемлекеттік оқу орындарында орта білім алу тегін әрі міндетті, ал жоғары білім алуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар 23-бапқа сәйкес әр адам ғылыми, техникалық және шығармашылық іспен еркін айналыса алады. Бұл – жаңа идеялар мен инновациялардың дамуына жол ашады. Ал 33-баптың 4-тармағы бойынша мемлекет білім берудің халықаралық стандарттарына, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Осылайша Ата заң білім мен ғылымды, инновацияны ұлттық қауіпсіздік пен болашақтың кепілі деп біледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы