Басты Жаңалықтар Жапония мен АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін

Жапония мен АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін

Мемлекет басшысы бүгін Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады. Кездесуде компанияның қазіргі операциялық және қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ алдағы даму жоспары таныстырылды. Air Astana алдағы жылдары әуе паркін жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Компания Airbus A320neo, A321neo және Boeing 787-9 маркалы әуе кемелеріне тапсырыс берген. Жаңа ұшақтар кезең-кезеңімен 2036 жылға дейін жеткізіледі. Негізгі мақсаттардың бірі – Қазақстанның Орталық Азиядағы авиациялық хаб ретіндегі орнын күшейту. Осы бағытта жаңа рейстер ашу, ұшу жиілігін арттыру және халықаралық бағыттарды кеңейту көзделген.  Президент АҚШ және Жапония бағыттарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ рейстердің кешігуі мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасына қатысты мәселелерді шешудің маңызын атап өтті.


Бөлісу