Басты Жаңалықтар Конституцияның Брайль қарпіндегі нұсқасы шықты

Конституцияның Брайль қарпіндегі нұсқасы шықты

Бүгін күшіне енген Конституцияның Брайль қарпіндегі нұсқасы таныстырылды. «Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияда отандық және шетелдік сарапшылар бас құжатқа қатысты пікір білдіріп, оның негізгі бағыттары мен маңызын атап өтті.

«Үкіметтің инклюзивті қоғам үшін» бастамасы аясында еліміздің әрбір азаматы Ата заңмен еш кедергісіз таныса алады. Мамандардың айтуынша, Конституцияның Брайль қарпіндегі нұсқасының дайындалуы – сол басты құжаттағы тең құқық пен қолжетімділік қағидатының нақты көрінісі.
Баян Жалмағамбетова, ҚР Адам құқыққтары жөніндегі уәкілінің Астана қаласы бойынша өкілі:
Бұл жерде әр азаматтың құқығының тепе тең қорғалғанының тағы бір дәлелі брайль әліпбиінің жаңа халықтық конституция тілінде жаңа мәтіні бүгінгі дәлелі деп айта аламын.
Ата заңның күшіне енуіне орай арнайы әзірленген пошта маркасына арнайы мөр басылды.
Жаңа Конституцияда мемлекеттік басқару жүйесі, азаматтардың құқығы мен бостандығы, қоршаған ортаны қорғау және қоғам дамуына бағытталған өзге де маңызды нормалар қамтылған. Сонымен қатар, мыңдаған жылға созылатын тарихымызды бүгінмен ұштастыра отырып, елдің болашақ бағытын айқындайтын преамбулаға ерекше мән берілді.
Ералы Тоғжанов, Премьер-министрдің кеңесшісі:
Конституцияда бірлік пен елдік ол да преамбулаға енгізілді. Неге бұл сұрақ күн тәртібінде? Себебі тәуелсіздікті алу бар да, тәуелсіздікті сақтап қалу деген екінші үлкен мәселе бар. Ол енді сқатап қалу алудан да қиын деп айту керек. Осы тәуелсіздікті дамытып, болашақ ұрпақтың қолына беру ең үлкен міндеттің бірі ғой деп ойлаймын. Сол конституцияға енгізілді.
Басты құжатта елдің орнықты дамуына, экономиканың ілгерілеуіне және қоғамның заман талабына сай қалыптасуына қажетті құқықтық негіздер айқындалған.
Жақсыбек Құлекеев, қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі:
Мемлекетіміздің ол тек қана біздің табиғи байлықтарымызға ғана тәуелді емес. Ол Қазақстанда тұратын халықтардың ол адами капиталдың қаншалықты дамығанына байланысты. Соған байланысты біз Қазақстанда білім беру саласын жетілдіріп жатырмыз. Денсаулық сақтау саласын жетілдіріп жатырмыз. Қазақстанда тұратын азаматтардың мәдениеті үлкен болуы үшін осы бағытта үлкен жұмыс атқарып жатырмыз.
Жиында онға жуық мемлекет пен халықаралық ұйым өкілдері сөз сөйлеп, бүгін күшіне енген Конституцияның мазмұнына жоғары баға берді. Шара соңында Ата заңды әзірлеуге және оның мазмұнын қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды.


Бөлісу