1-бап: Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
Сонымен бірге Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 76 жасқа жуықтады. Бұл еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. 1991 жылы 67 жас болатын. Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екендігі Конституцияның 1- бабында жазылған. Бұл дегеніміз мемлекет әрбір адамның әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік әділдік орнатуға тікелей жауапты екенін айқындайды. Өз азаматтарының лайықты өмір сүруіне жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеті. 31-бапқа сәйкес елімізде ең төменгі зейнетақыға кепілдік беріледі, сонымен қатар азаматтар сырқаттанғанда, мүгедектікке ұшырағанда немесе асыраушысынан айырылғанда әлеуметтік қолдау алуға құқылы. Яғни, мемлекет басына ауыртпалық түскен ешбір азаматын қараусыз қалдырмайды. Ал 32-бапта мемлекет заңда белгіленген көлемде тегін медициналық көмек көрсетуді өз міндетіне алатыны көрсетілген. Осылайша Конституция адам капиталын дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды. Әлеуметтік қамқорлық пен әр азаматтың болашағына деген сенім – Әділетті Қазақстанның басты тірегі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы