Жаңа Конституцияда Преамбула толық жаңарды
Сонымен бірге Конституцияның Преамбуласы «Біз, біртұтас Қазақстан халқы» деген сөздерден басталады. Бұл еліміздегі биліктің бірден-бір бастауы – халық екенін білдіреді. Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілігімізді нығайтып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихын сақтап, болашаққа бірге қадам басатынымзды айқындайды. Мұндағы ең негізгі қағидат – мемлекеттің тұтастығы. Қазақстан – унитарлы мемлекет, оның шекарасы мен аумағына қол сұғуға болмайды. Конституцияның өзегі – «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен Тәртіп» қағидаты. Бұл дегеніміз – заң бәріне ортақ, ал адамның құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталады деген сөз. Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық біздің басты байлығымыз. Біз заман ағымына сай дамуды көздейміз. Сондықтан білім, ғылым, мәдениет және инновация құндылықтары Преамбулада айқын көрсетілген. Сондай-ақ, табиғатты аялау – бұл жай ғана тілек емес, біздің ортақ парызымыз. Түйіндей айтсақ, Преамбула –біздің кім екенімізді және қайда бара жатқанымызды көрсететін темірқазық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы