Басты Жаңалықтар Президент Жолдауда бір Палаталы Парламент құруды ұсынды

Президент Жолдауда бір Палаталы Парламент құруды ұсынды

Конституцияға өзгеріс пен түзету енгізу былтыр 8-қыркүйекте президенттің Қазақстан халқына жолдауында парламентті реформалап, бір палаталы жүйеге ауысу туралы бастама көтергенінен бастау алды. Одан кейін кейін қазан айының басында Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылып, халықтан келген 2 мыңнан астам ұсыныс-хат зерделенді. Осылайша, 20 қаңтарда өткен Құрылтай отырысында Президент «реформалар қоғамның қажеттілігі мен мемлекеттің даму жоспарына сәйкес үздіксіз жалғаса беретінін» айтып, жаңа саяси институттарды құруға бастамышылық жасады. Кейін құрамына 130 маман кірген Конституциялық комиссия құрылды. Олар 6 отырыс өткізді. Нәтижесінже, ата заңның барлық бөлімдері қамтылып, 77 бапқа түзету енгізілді. Яғни, Конституция мәтінінің 84%-ы жаңарды. Осы қадамдардан кейін Президент 15 наурызда Республикалық Референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Дауыс берген азаматтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдады. Яғни 8 миллионға жуық адам оң шешімді жақтады.
Қыркүйек
Бір палаталы жүйеге ауысу туралы бастама көтерілді
Қазан
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды
2 мың ұсыныс-хат зерделенді
Қаңтар
Президент жаңа саяси институттар құрылатынын мәлімдеді
Конституциялық комиссия құрылды
6 отырыс өтті
77 бапқа түзетулер енгізілді
Мәтіннің 84%-ы жаңарды
Наурыз
Республикалық референдум өтті
87,15% қолдады


Бөлісу