Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық ота жасайтын клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Бұл шешім медициналық қызмет сапасы мен пациент қауіпсіздігін бақылауды күшейту үшін қабылданды. 2021 жылдан бері пластикалық хирургия саласында 92 жоспардан тыс тексеру өткен. Нәтижесінде лицензия талаптары мен медициналық көмек көрсету ережелерін бұзу деректері анықталды. Кейбір ұйымдар қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. Заң бұзушылықтар бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде пластикалық ота жасайтын 295 клиника бар, оның 147-і жекенің қолында.
Бауыржан Жүсіпов, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы:
Қазіргі таңда прокуратурадан 122 клиникаға тексеру бойынша тапсырыс түсті. Оның ішінде ең көп клиникалар - Алматы мен Астана қаласында. Енді сол бойынша біздің департамент арнайы комиссияны жасақтап жатыр. Тәуелсіз сарапшыларды қосымша осы комиссия құрамына бекітеміз. Сол бойынша бүкіл клиникаларды тексеруді жоспарлап отырмыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04