Әзербайжан мектептерінде телефон ұстауға тыйым салынды
Әзербайжан мектептерінде сабақ кезінде телефон ұстауға тыйым салынды. Тиісті шешімге елдің Ғылым және білім министрі қол қойған. Жаңа ережелерге сәйкес телефонды ғана емес, смарт сағаттар мен ноутбуктарды пайданалуға болмайды. Бірақ сабаққа қажет болғанда электронды материалдар үшін рұқсат етіледі. Еске салсақ, дәл осындай талаптың біздің елде де енгізілетіні бұған дейін айтылған еді. Оқу-ағарту министрлігі 1-7 сынып оқушыларына телефонды шектемекші. Ал 7-11 сынып оқушыларына тыйым салынбауы мүмкін. Өйткені, олар Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады, деген еді министр Жұлдыз Сүлейменова. Алайда, бұл ереже әлі бекітілген жоқ. Қазір министрлік мәселені жан-жақты талқылап жатыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04