Қазақстанда Американың компаниялары ашылады
Қазақстанда Американың компаниялары ашылады. Осы мақсатта АҚШ- тың бизнес өкілдерімен ауқымды кездесу өтті. Қос тараптан қатысқан 200-ден астам компания өкілдері экономикалық серіктестікті нығайтуға ниетті. Қатысушылар арасында алпауыт компаниялар да бар. Бизнес өкілдері бас қосқан жиында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АҚШ Сауда палатасы меморандумға қол қойды. Бұл келісім Қазақстанға жаңа инвестицияларды тартып, кәсіпорындардың ашылуына, заманауи технологиялардың елге келуіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашады. Яғни, басты мақсат – шикізат сатумен шектелмей, қосылған құны жоғары өнім шығаратын экономиканы дамыту.
Қанат Шарлапаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы:
Мысалы, Fly Bird пен NVIDIA компанияның қолдауымен қазіргі таңда ірі дата центр елімізде салайын деп жатыр. Wabtec компанияларының өкілдері болды. Wabtec компаниясы қазіргі таңда Астана қаласында өзінің инвестицияларын кеңейтіп жатыр. Мыңдаған локомотивтер өндіріп жатыр. тағы өзінің кәсіпорындарын кеңейтуге жоспарлары бар. Ең басты айырмашылық - Американың және Қазақстанның кооперациясы тек мұнай салада емес, басқа салаларда өте қарқынды түрде дамытып келе жатыр.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17