ӘЧ – 2026: Норвегия азық-түліктерін ала келген
Норвегия құрамасы Әлем чемпионатына өзімен 580 келі азық-түлік ала келген. Мұндай шешім желіде қызу талқыланып жатыр. Мәселен, кейбір желі қолданушылары команда америкалық азық-түлікке сенбегендіктен осындай қадамға барды деген пікір жазған. Алайда, құраманың бас аспазы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Норвегиядан ойыншылар күнделікті тұтынатын бірнеше өнім ғана әкелген. Нақтырақ айтқанда, 300 келі албырт пен форель, 100 келі палтус балығы және 180 килограм ірімшік жеткізілген. Бұл спортшылардың әдепкі тамақ тәртібін бұзбау үшін маңызды дейді.
Арон Эспеланд, Норвегия құрамасының бас аспазы:
Біз мұнда ұзақ уақыт боламыз. Сондықтан атлеттердің өздерін үйдегідей сезінуіне мейлінше жағдау жасауды мақсат еттік. Норвегияның салқын теңізінен ауланған балық пен теңіз өнімдерін ала келдік.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01