Ақтөбелік зейнеткердің пәтерін алаяқтар алдап алған
Ақтөбелік зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылды. Оған өзін электрмен жабдықтаушы мекеменің өкілі ретінде таныстырған адам тегін есептегіш орнату үшін телефонға келген кодты айтуды сұраған.
Одан кейін екінші адам қоңырау шалып, зейнеткердің атынан несие рәсімделіп жатқанын айтқан. Оның жолын кесу үшін алаяқтардан бұрын несие рәсімдеуге көндірген. Ал ақшаны банкке барып, терминал арқылы өзге шотқа салған. Алаяқтардың арбауына түскен тұрғын одан кейін пәтерін де сатып, оның да ақшасынан айырылды. Немересінің айтуынша, зейнеткер өзінің алданғанын бір ай өткен соң ғана білген. Жалпы шығыны 9 милллион теңге шамасында.
Долларға аударып, кейін Грузия еліндегі кибераккаунттарға екі-үш күн бойы ыдыратып лақтырады. Пәтерін сатып болғаннан кейін әжеміз тағы да миллион екі жүз алпыс алады.
Облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдерінің айтуынша, жыл басталғалы алаяқтарға алданған тұрғындардан 500-ге жуық арыз түскен. Оның 30 пайызы ғана ашылған. Құқық қорғаушылар ел аумағынан тыс жерлердегі алаяқтарды табу қиынға түсетінін айтады.Сондықтан тұрғындар жеке мәліметтеріне барынша сақ болуы керек.
1414-тен кодты сұрайды. Сол кодты айтқан жағдайдан кейін алаяқтар қайта хабарласады. Өздерін «Егов», полиция немесе банк қызметкеріболып таныстырады.Айтады, сіздің атыңыздан несие рәсімделіп жатыр, соны сізге жаңадан несие рәсімдеу кеерк, соны қауіпсіз шотқа ауыстыру керек дейді. Осы күн сайын облы бойынша 3-4 адам арыз жазады, алданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы