Тараз әкімдігі аттракцион алаңдарына тоқ беруді тоқтатты
Тараз әкімдігі «Жеңіс саябағында заңсыз орнатылған»
деп аттракцион алаңдарын электр қуатынан ажыратты. Алайда кәсіпкерлер тоқ
генераторын әкелу арқылы қуат көзін қайта қосып алды. Жергілікті билік
экстримальды әткеншектердің техникалық талаптарға жауап беретін тиісті құжаты
жоқ екенін айтады. Сондықтан бала өміріне қауіпті құрылғылардың қуат көзіне
қосылуына қарсы. Ал кәсіпкерлер не дейді, Данияр Әлімқұл тараптарды тыңдады.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Әкімдік мына қытайлық құрылғыларды қауіпті, құжаты жоқ деген. Сөйтіп жұмысын тоқтатуды талап еткен. Бірақ кәсіпкерлер барлық құжатымыз бар деп жұмыс істеуін жалғастыра берген. Ал амалы таусылған атқамінерлер аттракциондарды қуат көзінен қағуға көшті дейді.
Қала
әкімі қауіпті әткеншектерден балалар зардап шегуі
мүмкін әбден
мүмкін дейді. Айтуынша, алып аттракциондардың не иесі, не құжаты жоқ. Бірақ бір
қызығы күндіз көрінбейтін қожайыны, кешкісін пайда болады екен. Сөйтіп түннің
бір уағына дейін адамдардан ақы алады. Айта кетерлігі, бұл соңғы 6 жыл бойы
жалғасқан. Енді қала әкімі елеске айналған егесін табу үшін саябақ
ішіндегілерге сұрау салды. Сөйтіп иесі жоқ иелікке тоқ беруді тоқтатты.
– Мынау колесо обозренияның иесі бар ма осында?– Жоқ. Егесі жоқ оның.– Оны өшіруге ешкімнің дауы жоқ па?–– Жоқ. Егесі жоқ оның.– Оны өшіруге ешкімнің дауы жоқ па?– Бір жылдан бері егесін таппай жатырмыз, бірнеше рет арнайы хат жолданды.
Бұған
келіспеген кәсіпкерлер электр генераторын әкеліп, қуат көзін қайта қосып алған.
Бірақ бұл заңсыз болғандықтан шаһар шенділері жеке жасақпен келіп, генераторды
алып кетті.
– Екі күні істеген жоқпыз осы жарықтың жоқтығынан
Ал біз
аттракциондардың иесін таптық. Кәсіпкер саябақтың 2 гектардан астам бөлігін
2022 жылы жалға алдым деді. Келісімшарт қала тазалығына жауапты «Жасыл ел
Тараз» мекемесімен 15 жылға жасалыпты. Қолындағы құжаты темір әткеншектердің
техникалық талаптарға сай екенін көрсетеді дейді. Бірақ шаһар шенділері
тіркеуге алмай отырғанын айтты.
Дәурен
Ұзақов, жеке кәсіпкер:
Өткен 4 жылы, әлі 11 жылымыз бар пайдалануға. Қалалық әкім Бақытжан Орынбеков оны бізге жоққа шығарып жатыр. Мысалы 2024-те салынған атракцион бұл. Неге биыл келіп отыр ол кісі? Неге ол сол уақытта келмеді? Мынау аттракционның өзі 100 млн теңге, мынау 100, ар жақта тұрған аттракцион 78 млн. Ай сайын 1 млн кредит төлеп отырмын, кім төлеп береді маған?
Әкімдік
«Жеңіс» саябағында соңғы 6 жылдан бері 15 аттракцион заңсыз жұмыс істеп келді
дейді. Өйткені саябақтың жері 2019 жылы «Жасыл ел Тараз» серіктестігіне өткен.
Содан соң саябақтың 2,2 га жеке кәсіпкерге жалға берген. Ал 2021 жылы жер мемлекет
меншігіне қайтарылған.
Гүлшат
Айтбаева, қала әкімдігі құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:
Содан бері заңсыз орналастырылған атракциондарды және жеке кәсіпкерді сол жер телімінен шығара алмай, әлек болып жатырмыз. 10 сот отырыстары өтті. Әр сот отырыстарында «бұл атракциондар меніңкі емес, маған тиесілі емес» деген уәждер келтіреді. Яғни оны басқа жеке кәсіпкер деп көрсетеді, ол жеке кәсіпкер «менікі емес» дейді.
Осылайша олар бір кәсіпкерден екіншісіне қожайын құқығын беру арқылы сот
процесін созып келеді дейді. Соңғы 5 жыл бойы жалғасқан «Жеңіс» саябағына
қатысты істе кімнің жеңіске жететіні белгісіз. Қос тараптың қордаланған ісі
баянын тапқанша бала қауіпсіздігі қағаберіс қалмаса игі.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
30.06.2026, 17:27
Петропавлдықтар танымдық-интерактивті ойындарға қатысты
30.06.2026, 17:25
Шымкентте қоқыс тастағандарды дрон түсіріп алуда
30.06.2026, 17:22
Ақтөбелік зейнеткердің пәтерін алаяқтар алдап алған
30.06.2026, 17:20
Абай облысында 65 медициналық нысан салынды
30.06.2026, 17:15
Туристік аймақтарды санитарлық бақылау қатаңдатылды
30.06.2026, 17:13
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 17:10
Түркістан облысында 59 гектар жер мемлекетке қайтарылды
30.06.2026, 17:07