Абай облысында 65 медициналық нысан салынды
Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында республика бойынша 655 жаңа медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Бүгінде олардың 467-сі пайдалануға беріліп, шамамен 1 миллион ауыл тұрғынын сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік жасалып жатыр. Абай облысында бұл бағыттағы жұмыстар нәтижелі. Өңірде әсіресе шалғай жатқан елді мекендерге мән беріліп отыр.
Абай
облысында былтырдан бері 65 медициналық нысан салынды. Соның жетеуі Ақсуат
ауданында пайдалануға берілген. Мәселен шалғай елді мекеннің бірі Көктүбекте
талапқа сай медициналық нысан болмаған. Ұзақ жыл фельдшер болған, Шынар
Сұлтанова науқастарды аядай ғана бір бөлмеде қабылдап, ем жүргізіп келген.
Жаңадан ғимарат былтыр ғана қолданысқа берілді.
Шынар Сұлтанова, мейірбике:
Бұрынғы анау кішкентай медпунктта қаншама жыл отырсақ та міне енді биыл осы жаңа мендпункттің терезелері жарық, іші жылы. Сәулетті медпунктте қызмет істеп жатырмыз.
Екпін ауылында да өткен жылы жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтерген. Ауылда
2000-ға жуық адам тұрады. Бұрын басы ауырып, балтыры сыздасағандар аудан
орталығы мен қалаға сабылатын. Қазір алысқа бармай ақ ең қажетті медициналық
көмекті өз ауылдарынан алады.
Қарлығаш Сайлауова, жалпы тәжірибедегі дәрігер:
Бұл жерде 9 маман қызмет етеді. Бір дәрігер және орта буын қызметкерлері. Соған байланысты біз осы Екпін ауылында 1800 тұрғынға алғашқы медициналык көмек көрсетеміз. Яғни біздің амбулаторияда лобаратория жұмыс жасайды, яғни алғашқы зерттеу нәтижелерін осы жерден халқымыз тегін және де жақын жерде ала алады.Шекаралық Ақсуат ауданында 18 мыңнан астам тұрғын медициналық қызметпен қамтылған. Емханалар мен амбулаториялар жаңарғалы жас мамандар да көптеп келе бастаған. Қазір ауданда дәрігер тапшылығы жоқ.
Шекаралық Ақсуат ауданында 18 мыңнан астам тұрғын медициналық қызметпен
қамтылған. Емханалар мен амбулаториялар жаңарғалы жас мамандар да көптеп келе
бастаған. Қазір ауданда дәрігер тапшылығы жоқ.
Алмагүл Аштаева, Ақсуат аудандық аурухананың бас дәргіері:
Ауылдық деңсаулық сақтау саласың жаңғырту пилоттық жоба аясында Ақсуат ауданда 7 елді мекенде жаңадан ғимарат салынып бүгінгі таңда іске қосылып жатыр. Биылғы жылы біз компьютерлік томография алып, іске қосып жатырмыз. Лицензиясы алынды. Мамандар толық бар. Сондықтан халыққа қолжетімді сапалы қызмет көрсету барысындамыз.
Алдағы жылы Абай облысы бойынша тағы 14 медицицналық пункт салу жоспарланып
отыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы медициналық көмектің
сапасын арттырып, қолжетімділігін жақсарта түскен.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Норвегия азық-түліктерін ала келген
30.06.2026, 17:35
Тараздағы сарбаз Василий Мазур қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүр
30.06.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
30.06.2026, 17:27
Петропавлдықтар танымдық-интерактивті ойындарға қатысты
30.06.2026, 17:25
Шымкентте қоқыс тастағандарды дрон түсіріп алуда
30.06.2026, 17:22
Ақтөбелік зейнеткердің пәтерін алаяқтар алдап алған
30.06.2026, 17:20
Тараз әкімдігі аттракцион алаңдарына тоқ беруді тоқтатты
30.06.2026, 17:17
Туристік аймақтарды санитарлық бақылау қатаңдатылды
30.06.2026, 17:13