Қазақстан мен Грузия ынтымағы жаңа деңгейге көтерілді
Қазақстан мен Грузия арасындағы стратегиялық әріптестік кеңейе түспек. Астанада екі елдің премьер-министрлері кездесіп, жоғары деңгейде жасалған келісімдерді жүзеге асыру және экономикалық байланысты күшейту жолдарын талқылады.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ресми сапармен келген Грузия Үкіметінің басшысы Ираклий Кобахидземен келіссөз өткізді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетика және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қозғады. Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе арасында қол жеткізілген келісімдерді нақты жобалар арқылы жүзеге асыруға басымдық берілді. Сондай-ақ жасанды интеллект бағытындағы бірлескен бастамалар талқыланды.
Айта кетейік былтыр қос елдің тауар айналымы 184,5 миллион доллар болды. Ал
бүгінде елімізде Грузия елімен бірлескен 600-ден астам компания жұмыс істейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы