Басты Жаңалықтар 30 жылда 3,5 мыңдай заң қабылданды

30 жылда 3,5 мыңдай заң қабылданды

30 жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды. Заң шығару жүйесінің бастауында танымал саясаткерлер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері тұрды. Парламент – қоғамның түрлі саласындағы кәсіби мамандарды бір мақсатқа тоғыстырды. Осылайша елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты. Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдыратыны анық. Бүгін палаталардың бірлескен отырысында мемлекет басшысы ұлт мүддесі жолында қажырлы еңбек еткен депутаттарға алғысын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда қабылданған әрбір заңның Тәуелсіз еліміздің келешегі үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Осы тарихи сәтке орай, ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, елге мінсіз әрі адал қызмет еткені үшін барлық шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенат депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін.Әсіресе, Парламенттің қазіргі құрамына, яғни сіздерге алғысым зор.
Ал ертеңнен бастап жаңа конститутция күшіне енеді. Демек мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғырту жұмысы ресми түрде басталады деген сөз. Басқаша сипаттасақ, біз қазақ мемлекеттігінің «ғимаратына» күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отырмыз, - деді Президент. Мемлекет басшысы бірлесе атқарған жұмысты қортындылай келе, алдағы даму жоспарын айқындайтын бес негізгі міндетке тоқталды. Олар мемлекеттік биліктің жаңа құрылымын қалыптастыру, ел экономикасын жаңа үлгіге көшіру, еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық негізін нығайту, цифрлық мемлекет құру және адами капиталды дамыту.


Бөлісу