Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Шахматтың блиц түрінен әлемнің 3 дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы шахматшыға Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан табыстады. Аида Балаева Бибісара Асаубаеваның отандық шахмат спортының дамуына қосып жатқан айрықша еңбегін атап өтті. Гроссмейстердің зияткерлік ойын арқылы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі мен табандылығына тоқталды. Бибісара Асаубаева блицтен үш мәрте Әлем чемпионы атануы арқылы ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ал жақында Норвегияда өткен айтулы Norway Chess супертурнирінде жеңімпаз атанды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16