Басты Жаңалықтар Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды

Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды

Ақтөбеде жаңа кинотеатр ашылды. Мұнда бір уақытта 800-ден астам адам өзіне ұнаған фильмдерді көре алады. Нысанның ашылу салтанатына елімізге танымал актерлер келіп, жергілікті көрерменмен жүздесті.

Кинотеатр шаһар орталығындағы ойын-сауық кешенінен ашылды. Бұл нысанда қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне арналған өзге де көңіл көтеру орындары жұмыс істеп тұр. Кешеннің ашылу салтанатына жиналған қала тұрғындары да көп болды.

Дулат Қарман, Aqtobe Mall сауда, ойын-сауық орталығының коммерциялық директоры:

Біздің басты мақсатымыз – халыққа және қала қонақтарына жайлы сауда жасауға және жақсы дем алуға, отбасылық демалысқа ыңғайластырып жатырмыз. Бізде 4 этажда «Боно» боулинг клубы бар, «Джангл парк» және басқа да шет елдік киім компаниялары бар.

Жаңа кинотеатр заманға сай озық техникалармен, сандық жүйедегі экрандармен жабдықталған. Жайлы орындықтар қойылған 7 зал жұмыс істейді. Кинотеатрда көрсетілетін алғашқы фильмде басты рөлдерді сомдаған әртістер арнайы келіп, көрермендермен кездесті.

Олжас Абай, әнші, актер:

Ақтөбеліктерді, оның ішінде барлық қазақстандықтарды «Бейшарашки» фильміне шақырамын. Өйткені, өте өте қызық сюжет, өте қызық сәттер. Экшн да бар, бәрі де бар. Осы фильм «Бейшарашиклердің» осы уақытқа дейін шыққандарының ішінен озып шығады деген үміттемін.

Бұл өңірдегі ең ірі сауда-ойын-сауық орталығы. Жуырда аумағы 1500 шаршы метр болатын ролик клубы ашылады. Сондай-ақ, Алматыдан және шет елдерден өзге де ерекше жобаларды әкелу жоспарланып отыр. Нысанның ашылу салтанатына елімізге белгілі әншілер арнайы келіп, өнер көрсетті.


Бөлісу