Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, комиссия отырысында ведомстволық наградалардың бірыңғай стандарты мен тізімін әзірлеуге қатысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мемлекеттік рәміздерді қолдану әрі насихаттау жөніндегі жұмыстарының есебі тыңдалды. Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік рәміздер, марапаттар және геральдика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмалар берді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06