БАҚ қызметкерлеріне баспана берді
Ақпарат майданында еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдеріне айрықша құрмет көрсетілді. Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандарына пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге Президент кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Ол Президенттің журналистиканың дамуына және сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға тұрақты көңіл бөлетінін атап өтті.
Ел мен жер жаһандағы маңызды оқиғаларды жедел жеткізіп, шынайы ақпарат таратуды өмірлік ұстанымына айналдырған журналистердің еңбегі тағы бір мәрте еленді. Кәсіби мерекеге орай Алматыда медиа саласының 15 маманына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа пәтердің кілті табысталды. Қоныс иелерінің қатарында «Qazaqstan», «Хабар», «Еуразия», «КТК», «31 арна» телеарналарының, «Қазақ газеттері» серіктестігінің, «Жас Алаш», «Время», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» басылымдарының және «Шалқар» радиосының қызметкерлері бар.
Нұргүл Айтқалиева, «Шалқар» радиосының музыкалық редакторы:
Енді қанша жыл қай жақта жүрсек те, тұрсақ та өзіңнің баспанаң болғанына не жетсін. Біздің еңбегімізді елеп, отбасымыздың жағдайын ескеріп, сұлу қала, керемет қала әсем қала Алматыдан баспана беріп отырған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымыз шексіз және осы Президенттің тапсырмасын жүзеге асырып отырған «Dara» қорына, баспасөз қызметтеріне көптен көп рахмет айтамын. Отанымыз жасай берсін, гүлдене берсін. Осындай бастамалар көп болсын.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет өңірлік журналистер де тұрғын үйге қол жеткізді. Осылайша, биыл республика бойынша 66 пәтер табысталды. Оның 15-і Астанаға, 15-і Алматыға, ал қалған 36 пәтер еліміздің 18 өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне берілді. Баспаналы болған әріптестердің айтуынша, мұндай қолдау шығармашылыққа тың серпін беріп, жауапкершілікті одан әрі арттыра түседі.
Әбен Нарымбаев, «Хабар» агенттігі» АҚ телеоператоры:
Біріншіден, Президентімізге рахметімді айтамын. 22 жыл квартирада жүріп, міне бүгін қуанып, қуанышым шексіз шынымды айтсам. 5 баламен енді көп көп рахмет сіздерге.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы