Алматыда онкоурология тақырыбында ашық есік күні өтті
Алматыда онкоурологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында 600-ге жуық тұрғын дәрігер кеңесін тегін алып, 400 адамға диагностикалық зерттеу жүргізілді. Тексеру барысында 30 адамнан қатерлі ісік белгілері анықталып, қосымша тексеруге жолданды. Сондай-ақ 43 адамнан обырға дейінгі өзгерістер, 300-ге жуық адамнан басқа да аурулар анықталды.
Мамандар онкологиялық аурулардың алдын алу үшін профилактикалық тексеруден уақытылы өтудің маңызы зор екенін атап отыр.
Олжас Закарья, онкоуролог:
Ашық есік күнін өткізудің маңыздылығы – қатерлі ісіктердің алдын алу. Өкінішке қарай, онкологиялық аурулар көбіне асқынған кезеңдерде ғана өз белгілерін көрсетеді. Алғашқы сатыларында науқастарда ешқандай шағым болмауы мүмкін. Ерте анықталған жағдайда онкологиялық ауруларды толық емдеуге болады.
Бақтияр Пашаев, Шымкент тұрғыны:
Бізді жақсы күтіп алды. Дәрігерлер, медбикелер жақсы қарап жатыр. Әрбір Қазақстан азаматы жыл сайын тексеруден өтіп тұрғаны дұрыс. Дәрігерлер бәрін тегін қарайды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің өзегі
25.08.2026, 17:33
Петропавлда Абылай ханға арналған конференция өтті
25.08.2026, 17:30
Елордада есірткіге қарсы шара өткізілді
25.08.2026, 17:27
Ел жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 17:25
Алматыда көзді тегін тексеріп жатыр
25.08.2026, 17:22
Инвестиция тарту үшін мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалуы қажет?
25.08.2026, 17:20
Атырау облысында 6 мектеп пайдалануға беріледі
25.08.2026, 17:20
Жамбыл облысында балалардың қатысы бар 301 жол апаты болған
25.08.2026, 17:17