Басты Жаңалықтар ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалына шықты

ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалына шықты

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы плей-офф матчында Канада құрамасы жеңіске жетті. Оларға Оңтүстік Африканың командасы қарсы ойнады. Африка құрлығының өкілдері әлем чемпионатына биыл төртінші мәрте қатысып отыр. Қазірге дейін топтық кезеңнен аса алған жоқ. Канадалық футболшылар да сол шамалас. Осы уақытқа дейін беделді бәсекеде екі мәрте бақ сынағанымен, топтық кезеңнен кейін еліне ертерек қайтқан еді. Бұл жолы командалар бір--бірінің қақпасына қайта-қайта шабуыл жасады. Бірақ ұзақ уақыт гол сала алған жоқ. Екінші кезеңде де ойын дәл осындай қарқында өрбіді. Тек ойынның 92-минутта канадалық Стефен Эуштакиу тепкен доп қақпа торына түсті. Осылайша, Канада қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты. Енді олар 4 шілдеде 1/8 финалда Нидерланд - Марокко арасындағы матчтың жеңімпаздарымен кездеседі.

Бөлісу