БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
Алматыда Мемлекет басшысының атынан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне барлығы 15 пәтер кілті табысталды. Іс-шараға Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қатысып, кәсіби мереке иелерін құттықтады. «Алматы – қазақ баспасөзінің қарашаңырағы. Көптеген дәстүрлі ақпарат құралдарының тарихы осы шаһардан бастау алады. Мемлекет басшысы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін әрқашан назарда ұстап отырады», - деді ол. Еске салсақ, биыл Президенттің тапсырмасымен алғаш рет облыста жұмыс істейтін журналистерге пәтер берілді. Жалпы саны 66 баспана кілті табысталды. Алматыдан бөлек, Астана қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.
Елена Лысенко, «Балдырған» журналының суретшісі:
Армандар орындалады! Енді мен мұны анық білемін. Бес баламен жалдамалы пәтерде жүру оңай болмады. Баспаналы болуға ұзақ уақыт ұмтылдық. Бұл мен үшін үлкен қолдау. Алғысым шексіз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04