Маңғыстау мен Атырау облыстарында автогаз тапшылығы жоқ
Маңғыстау мен Атырау облыстарында автогаз тапшылығы жоқ. Энергетика министрлігі осыдай мәлімдеме жасады. Ведомствоның дерегінше, маусымда Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газына сұраныс 18 мың тонна болғанымен, 3 тонна артығымен жеткізілген. Бұл жергілікті ғана емес, өңір арқылы транзитпен өтетін көліктерді де қамтамасыз етуге жетеді, дейді министрлік. Атырауда да дәл солай. 2,5 мың тоннадан астам резервтік қор бар. Яғни, батыс өңірлерде автогаз жетпей жатқаны жайлы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04