Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы реформаларды қолдайды
«Қазақстандағы жүйелі реформалар-елдің дамуына тың серпін береді». Елдегі соңғы өзгерістерді саралаған Еуропарламент депутаттары осылай дейді. Саясаткерлер жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін және мемлекеттік институттардың ашықтығын арттыруға басымдық берілгенін жоғары бағалап отыр. Депуттар ауқымды реформалар елдің институционалдық жүйесін нығайтып, Астана мен Брюссель арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі бекемдейтініне сенімді.
Пьер Пимпи, Еуропарламент депутаты:
Елдеріңізде болып жатқан оқиғаларды мұқият бақылап отырмыз. Қазақстан жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Ауқымды реформалар дұрыс бағыттағы қадам. Сондықтан, Франция мен ЕуроОдақ Қазақстанмен қатынасты одан әрі нығайтуы қажет деп есептеймін.Томаш Фройлих, Еуропарламент депутаты:
Біз Қазақстандағы таңғажайып дамуды, экономикалық дамуды көріп отырмыз және Қазақстанмен байланысты күшейтуге ниеттіміз. Себебі, Қазақстан Еуропа үшін геосаяси стратегиялық маңызға ие мемлекет. Елдеріңізде ЕуроОдаққа қажетті 34 маңызды шикізаттың 21-і бар. Қазақстанның қазіргі сыртқы саяси тәсілін, көпвекторлы саясатын Еуропада жүзеге асыруымыз керек.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гуманоид робот жүгіруден Усейн Болттың рекордын жаңартты
25.08.2026, 10:09
Оралда кәсіпкерлер үш жаңа саябақ салып берді
25.08.2026, 10:07
Елде автосақтандыру жүйесі өзгереді
25.08.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Халықтық Конституция қоғамның жаңа бағытын айқындайды
25.08.2026, 10:05
Халықтың жартысына жуығы спортпен тұрақты айналысады
25.08.2026, 10:05
Боливияда қар борап, әуе рейстері доғарылды
25.08.2026, 10:03
Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды санкция жариялады
25.08.2026, 10:02
Ішкі сауда көлемі өсіп келеді
25.08.2026, 10:02