Қазақстан мен Еуропалық Одақ: Не береміз, не аламыз?
Маңызы өте жоғары сапардан бастаймыз. Қ. Тоқаевтың Брюссельге сапарын айтамын. Апта басында Еуропалық Кеңестің Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті. ЕуроОдақтың жоғары шенділерінің біздің мемлекетпен, жалпы Орталық Азиямен серіктестікке тереңірек қарай бастағаны мәлім.
Жаңа көзқарастың соғыспен байланысты факторлардан өрбитіні рас. Бұл, бейнелеп айтқанда, «біреудің сүйегінде билеу» емес, дегенмен мемлекет пайдасына шешіп алатын сәт.
Сапар алдында Президенттің Euronews-тің порталында мақаласы жарияланды. Брюссельге неге бара жатқанын тарау-тарау жіктеген. Сонда, цитата:
«Әрбір саяхатшы түсінеді: жол неғұрлым белгісіз болса, сенімді серіктердің құны соғұрлым жоғары болады. Әлеміміз белгісіздікке толы болған сайын, Қазақстан мен Еуропа қазірдің өзінде осындай жолсеріктерге айналды. Біздің халықаралық ынтымақтастыққа деген теңгерімді, прагматикалық және сындарлы көзқарасымыз өзгеріссіз қалады... Біздің келіспейтін тұстарымыз бар, бірақ біз бір-бірімізді жақсы танимыз», – деген.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10