Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы атынан жастарға жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Мемлекет басшысы атынан жастарға жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Алматыда Президент атынан еліміз бойынша жастарға, қоғам белсенділері мен креативті индустрия өкілдеріне Жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды.Онда  Мемлекет басшысының жеке ашық хаты енгізілген. Президент жастарға Әділетті Қазақстанды құру жолындағы еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, Конституцияда бекітілген құндылықтар елдің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өткен. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген, түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенділер қатысты. Арнайы басылымды Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстап, Мемлекет басшысының жастарға ерекше қолдау көрсетіп, ел болашағына үлкен сенім артатынын айтты. Сондай-ақ ол Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстан құру идеясының жүзеге асуы жастардың білімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Кездесуде жастарды қолдау бағытындағы мемлекеттік бастамаларға да тоқталды. Оның ішінде саяси және қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндігінің кеңеюі, білім мен ғылымға бөлінетін инвестицияның артуы, студент шәкіртақысының екі есеге көбеюі және білім гранттарының 1,5 есеге ұлғаюы сөз болды.

Нұрлан Бейімбет, кәсіпкер:

Жаңа Конституция Президентіміздің атынан табысталып жатқанына өте алғысымызды білдіреміз. Осы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясаты арқасында жүзеге асып жатқан Ата Заңнан біздің де күтеріміз, үмітіміз мол. Бұның басты құндылықтары – адамгершілік, ашықтық және жауапкершілік. Біз Мемлекеттен жасалып жатқан қолдауды толық сезінеміз.


Бөлісу