Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді жоспар бекітті
Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді жоспар бекітті. Бүгін бұл жөнінде Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сұрақтарына жауап берген Үкімет басшысы қолға алынған шараларға тоқталды. Олжас Бектенов хабарлағандай, Үкімет 2026–2029 жылдарға арналған халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Құжатта жалақыны арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру, халықтың борыштық жүктемесін азайту, кәсіпкерлікті дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру көзделген.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Жоспарда нақты табыстың өсуіне ықпал ететін барлық шара қамтылған. Оның ішінде бүгінде импортталатын тауарларды ел ішінде өндіру арқылы импорттық инфляцияны төмендету, сондай-ақ мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындардағы қызметкерлердің жалақысын көтеру жөніндегі міндеттемелерді енгізу секілді кешенді шаралар бар. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12